Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің "ұсталуы" туралы бұған дейін тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен бұл ақпараттың БАҚ-та тарағанын білмедім. Сүйеніш Әбділдин жұмысында. Негізі ҚМА қызметкерлері келді, белгілі бір сұрақтар қойды, басқа да іс-шаралар болды, бірақ қазіргі мәселелер бойынша сұрақтардың бәрі - ҚМА-ға, олар бізге ақпарат бермейді.
Кеше Әбділдин және басқа да басшылар жалпы жиналысқа қатысты. Мен олардан жағдайды сұрадым, олар ҚМА қызметкерлері келіп, белгілі бір шаралар өткізгенін айтты. Басқа сұрақтар ҚМА-ға. Мен оны таңдадым (Әбілдинді -еск.), оны кәсіби маман, IT маманы ретінде және азамат ретінде де жақсы деп сипаттай аламын", - деді Мусин Үкімет кулуарында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!