ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2022 | 10:48
Мусин "Яндекс GO" басшысынан такси жүргізушілерін жұмысқа алу схемасын өзгертуді сұрады
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "Яндекс GO" басшысы Александр Аникинмен кездесіп, қызметте 150 мың қазақстандық жұмыс істейтіндіктен, жұмысқа алу ережелерін өзгертуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "Яндекс GO" басшысы Александр Аникинмен кездесіп, қызметте 150 мың қазақстандық жұмыс істейтіндіктен, жұмысқа алу ережелерін өзгертуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мусин Instagram-да еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова екеуі қатысқан жиын туралы сөз етті.
"Яндекс платформасында 150 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Бұл адамдар әлеуметтік қорғаудан шет қалады. Олар такси компаниялары арқылы тіркелетіндіктен, тиісті салықтар мен аударымдарды төлемейді. Мемлекет үшін осындай платформаларда табыс табатын азаматтарды қолдау шараларын әзірлеу маңызды.
Біз жүргізушілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігін беруді ұсындық", - деді Мусин.
Ол "Яндекс" қазақстандық 63 такси компаниясымен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.
Мусин Аникинмен қосымшаны пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесін де талқылады.
"Қосымшада тіркелген жүргізушілерді анықтау және олардың құжаттарының дұрыстығын тексеру - бірінші қадам. Ол үшін биометрияны қолдануға болады. Бұл не үшін қажет? Адамдар "Яндекс GO" жүйесінде жүргізуші куәлігі жоқ болғандықтан, басқа адамның құжатымен тіркелетін жағдайлар болуы мүмкін", - деді Мусин.
Еңбек министрлігі инватакси жұмысын мемлекет есебінен қаржыландыруды ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также