Мұхамедиұлы көпбалалы отбасынан шыққан екі қыздың оқуының ақшасын төлеп берді

?Р м?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лы Астанада?ы Халы?аралы? бизнес ж?не коммуникация колледжінде о?итын к?пбалалы отбасынан шы??ан екі ?ызды? о?уыны? а?шасын барлы? жыл?а толы?тай т?леп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінде оқитын көпбалалы отбасынан шыққан екі қыздың оқуының ақшасын барлық жылға толықтай төлеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қыздар басқа отбасынан шыққан тағы алты баламен бірге тұрады екен. Олардың екеуі ғана Жанар Байжұлдынованың туған балалары екен. Қуанышын жасыра алмаған асыранды қыздардың анасы бұл жаңалығын Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен бір уақытта екі қыздың оқуының ақшасын төлеудің қаншалықты қиын екенін жақсы білдім. Бірақ Құдай маған көмектесті, мені жалғыз қалдырмады", - деп жазды асыранды қыздардың анасы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 23 қарашада министр көпбалалы отбасының үйіне барып қайтқан болатын. Ол көпбалалы отбасыда екі қыздың - Татьяна Колбасова мен Аделина Мехтың музыкаға қызығушылығы бар екенін біледі. Содан министр оларға қыл қобыз, қобыз және фортепиано сыйлаған. Ал келесі күні Арыстанбек Мұхамедиұлы олардың оқуының ақшасын төлеп берген.

"Гүлнар Омарова, Сырым Әбдірахманов пен Нұрғалиев Ғабит Әділбайұлы сияқты достарды кездестіргенім жақсы болды. Олар маған қолдау көрсетіп отырады. Балаларыма қатысты кейбір мәселелерді өзімнің шеше алмайтыныма кейде ұяламын", - деп жазды Жанар Байжұлдынова.

Өз кезегінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы көпбалалы отбасына басқа да адамдардың көмектесіп жатқанын айтты.

"Мен осымен тоғыз жыл бойы екі жетім балаға көмектесіп жүрмін. Екеуі де магистратураны бітіріп, қазір сәндеуші болып жұмыс істейді.  Олардың бірі осы отбасы жайлы білетін. Жасыратын ештеңесі жоқ, ол жігіттер де Жанар мен оның балаларына көмек көрсетіп жатыр. Жігіттеріміз жақсы, басқаларға үлгі боларлықтай", - деді министр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама