Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Президенті кеңесшісі қызметінен босатылды

Мұхтар Құл-Мұхаммед. ©akorda.kz

Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Президенті кеңесшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды", - делінген ҚР Президентінің ресми сайтында. 

Еске салайық, Құл-Мұхаммед ҚР Президенті кеңесшісі қызметіне бір жыл бұрын - 2014 жылдың 12 наурызы күні тағайындалған еді. Оған дейін Құл-Мұхаммед ҚР Мәдениет министрлігін басқарды. Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, ҚР Мемлекеттік хатшысы болды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама