04 ақпан 2022 | 10:00

Мұз құюшы деген кім? "Chevrolet-мен бірге республика мақтанышы" жобасы

Бұл Chevrolet мен Tengrinews.kz-тің бірлескен "Республика мақтанышы" жобасының бесінші шығарылымы, онда біз "Медеу" мұз айдынындағы ерекше мамандық туралы айтып береміз.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұл Chevrolet мен Tengrinews.kz-тің бірлескен "Республика мақтанышы" жобасының бесінші шығарылымы, онда біз "Медеу" мұз айдынындағы ерекше мамандық туралы айтып береміз.

"Медеу" - Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның визит картасы. Алматыда болған кез келген адам бұл ерекше орынға міндетті түрде барып көрген шығар. Әлемдегі ең үлкен ашық аспан астындағы мұз айдынында ең үлкен жасанды мұз алаңы бар - 10,5 мың шаршы метр. Мұз жаппай сырғанауға немесе спорттық іс-шараларға қалай дайындалатыны туралы ойланып көріп пе едіңіз? Бұл оңай шаруа емес екен. Ол үшін мұз айдынындағы арнайы адамдар - мұз құюшылар бар.

Реклама
Реклама

Дәл осы мамандық иесі біздің кейіпкеріміз - Василий Манжос. Ол ұзақ уақыт бойында мұзда спортшы ретінде өнер көрсеткен, содан кейін мұз құюшы болуды ұйғарған. "Табиғатыма өте жақын. Бұл өте қызық іс. Бұл жерде мұз құю оңай сияқты көрінеді, бірақ іс жүзінде оңай шаруа емес. 1995 жылы біз шетелде өткен жарыста болған кезде қарсыластарымыз Қазақстан деген не екенін және оның қайда екенін ұқпаған. Содан кейін мен еліміздің қайда екенін бір сөзбен - "Медеу" деп түсіндіре алатынымды түсіндім", - деді Василий.

Біздің сюжетте мұз құюшы мамандығы мен "Медеу" мұз айдынының қыр-сыры туралы айтылады. Ал бұл игілікті мәнері бөлек, іші кең, спорттық және жолға сенімді жайлы қалалық кроссовер - Chevrolet Tracker ашады.

Еске салайық, жобаның әр сериясы еліміздің ең көрікті жерлері мен нысандары туралы баяндайды, оның бәрі - республиканың меншігі. Ал әрбір локацияны ҚР-дағы танымал Chevrolet автомобиль бренді модельдерінің бірі "ашып отырмақ". Бірінші шығарылым сәулет өнерінің жауһары - Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арналды. Батырлар ол жерге жайлы Chevrolet Malibu седанымен жетті. Екінші шығарылым Алматы маңындағы тауларда орналасқан Ассы-Түрген обсерваториясы туралы әңгімелейді. Қиын жол мен тік көтерілістерге қарамастан, біз Chevrolet Equinox қуатты кроссоверінің арқасында жеттік. Үшінші шығарылымда біз Отанымыздың астанасы туралы, дәлірек айтқанда оны қалай және кім жобалағаны туралы әңгімелестік. Қаланы бізге жайлы Chevrolet Traverse кроссовері "ашты". Төртінші шығарылым - тұқым атадан балаға кәсіп жалғаған орманшылар әулеті мен "Бурабай" ұлттық табиғи паркі туралы, онда біз Chevrolet Traverse-пен жеттік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная