"МузАрт" тобының мүшесі Ғашықтар күніне арналған ескерткішті сынға алды

"Су Періcі" субұрқағы ©Instagram.com/saken_maigaziyev

"МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Ғашықтар күніне арналған ескерткішті сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Майғазиевтің айтуынша, Ғашықтар күніне арналған ескерткіштің сәукеле киіп, кіндігі көрсетілгені оғаш көрінеді. "Бояушы, бояушы деген сайын сақалына дейiн бояп тастапты..."-ның керi келген екен. Мынау не "фантазиясы", тағы?! Алматының көрнектi орындарының бiрiне орнатқан Баян-сұлу ескерткiшi-мыс. Сәукеле киiп, кiндiгiн ашқан су перiсi. Сұмдық-ай!", - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ғашықтар күнінде Алматыда "Су Періcі" субұрқағының ашылғаны хабарланған болатын. Ол Гоголь мен Бұзырбаев көшелерінің қиылысында, Орталық демалыс саябағы жанында орналасқан. Ескерткіштің авторы - Бауыржан Жуасбаев. 

Реклама
Реклама

Ғашықтар күніне арналған ескерткіштің ашылуына әкімдік басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, танымал продюсерлер Баян Есентаева мен Эрик Тастамбеков, Алматы кәсіпкерлері қатысты. Айта кетейік, ескерткіштің ашылу салтанатында Баян Есентаева су перісінің бейнесіне байланысты пікірін айтқан еді. "(...) Адам не көргісі келсе, соны көреді, не естігісі келсе, соны естиді. Сондықтан мен үшін су перісі мәңгілік махаббаттың символы", - деген болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама