Мұзтайғақ, боран және қатты жел. Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

© REUTERS

Астанада ж?не ?аза?станны? та?ы т?рт облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Астанада және Қазақстанның тағы төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"24-25 қазанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын (жаңбыр артынша қарға айналады) жауады деп күтіледі. 23 қазанда күндіз, 24-25 қазанда оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батыспен ауысып секундына 15-20 метрге дейін үдете түседі, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін барады. 24 күндіз, 25-і тәулік бойы кей жерлерде мұзтайғақ, боран және ауа температурасы 0-5, ал кей жерлерде -8 градус болуы мүмкін, ", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 23 күндізгі уақытта, 24-25 қазанда оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батыспен ауысып секундына 15-20 метрге дейін үдете түседі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 24 қазанда және 25-і тәулік бойы Павлодар облысында жауын жауады, кей жерлерде мұзтайғақ болады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін үдете түседі, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін барады. Дауылдың болатыны туралы болжам - 90-95 пайыз. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама