16 қараша 2022 13:11

Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" қарызы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компанияның қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компанияның қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"30 маусымдағы жағдай бойынша, біздің компанияның жалпы қарызы, басқаша айтқанда, 2022 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша, доллармен айтсақ, барлығы 8 миллиард 366 миллион. Қарызға келетін болсақ, ол жүйелі түрде азайып келе жатқанын айта кеткен жөн", - деді Мырзағалиев журналистермен кездесуінде.

Оның айтуынша, компания IPO-ға жақсы дайындықпен келген.

Реклама
Реклама

"Халықаралық және отандық инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибеміз өте бай. Қарызға келетін болсақ, 2014 жылы компанияның қарызы шамамен 19 миллиард доллар болды. Қазір ол екі еседен аса азайып, 8,3 миллиард доллар болды. Бізде инвесторларымызға, негізінен батыстық инвесторларға өте ыңғайлы төлеу кестесі бар. Бізде ол негізінен долларда", - деп қосты Мағзұм Мирзағалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram