22 қараша 2021 | 10:46

Мысыр азаматтары Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Көлік полицейлері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен екі Мысыр азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік полицейлері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен екі Мысыр азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 қарашада Петропавл теміржол вокзалында Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздың жолаушыларын тексеру кезінде екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеткізілген ер адамдардың жеке басын тексеру нәтижесінде олардың Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен 21 және 28 жастағы Мысыр азаматтары екені анықталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту"). Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная