ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2023 | 18:05
Мысыр мен Қырғызстаннан келген: Алматыда балалардың қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді
Алматыда Мысыр мен Қырғызстаннан келген балалар қызылшасы ауруы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Мысыр мен Қырғызстаннан келген балалар қызылшасы ауруы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Әсел Алтаева мәлімдеді.
"Бүгінде Алматыда қызылша ауруының көбеюі байқалады. Биылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша қызылшаның зертханалық расталған 73 жағдайы тіркелді, оның ішінде 67 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында. 4 жағдайда инкубациялық кезеңдегі науқастар шетелде болған (шетелден жұқтырып әкелінген, оның ішінде біреуі Қырғызстанда және үшеуі Шарм-эль-Шейхте)", - делінген Алматы СЭБД-нің редакция сауалына берген жауабында.
Қазіргі уақытта мамандар Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қала тұрғындары арасында қызылша ауруының алдын алу мақсатында бірқатар эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.
"Сонымен қатар, халық арасындағы көші-қон факторларын ескере отырып, қызылша байқалатын елдер алаңдаушылық тудырады, өйткені Қазақстан Республикасында басқа елдерге шығуға және келуге тыйым салынбаған", - деді Алтаева.
Қызмет мамандары медициналық ұйымдармен бірлесіп, барлық ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Барлығы 1410 байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 713 ересектер, 691 14 жасқа дейінгі балалар және 6 жасөспірім.
Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап бұрын қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы екпе алмаған, 1 жастан 17 жасқа дейінгі, оның ішінде бұрын вакцинациядан бас тартқандарды қоса алғанда, толық емес екпе курсы бар тұрғындарға қайталама иммундау жүргізу басталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также