23 қазан 2020 | 10:41

Мысырдан келген астаналықтар ПТР-тест тапсырмай қашып кеткен

Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Шарм-әл-Шейхтен келген екі елордалықтың ПТР-тесті болмаған. Олар ПТР-анализ тапсыру үшін арнайы автобусқа отырғызатын кезде әуежайдан қашып кетті", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Реклама
Реклама

Көлік полициясының қызметкерлері олардың қайда екенін анықтап, карантин стационарына жеткізген. 

23 қазанға қараған түнде Қазақстанға 11 халықаралық рейспен 1291 жолаушы келді. Оның 962-сінде анықтама болған, 329 адам анықтамасыз келген.

Нұр-Сұлтанға - бес рейс, 522 жолаушы, анықтамасы бар - 373, анықтамасы жоқ - 149;
Алматыға - бес рейс, 728 жолаушы, анықтамасы бар - 548, анықтамасы жоқ - 180;
Ақтауға - бір рейс, 41 жолаушы, анықтамасы бар - 41.

Ведомствоның мәліметінше, анықтамасыз келген қазақстандықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР-анализ тапсыру үшін карантин стационарларына жатқызылған.

Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная