27 ақпан 2021 | 12:48

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Кейінгі тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Латвия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Армения, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

3 633 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 294 адам, анықтамасыз 339 адам келді.

Реклама
Реклама

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 270 жолаушы, анықтамамен - 2 052, анықтамасыз - 218;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 260 жолаушы, анықтамамен - 1 139; анықтамасыз - 121;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 87 жолаушы анықтамамен келген;
  • Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 16 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және қазір карантиндік стационарларда нәтижесін күтіп жатыр. 

Сонымен қатар, 25 ақпанында анықтамасыз келген 496 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная