Мырзахметов: Ветеринария саласында ағаттыққа жол берген қызметкерлер мәселесі қызметтік тергеумен шектелмеуі керек

© pm.kz

Ас?ар Мырзахметов ветеринария саласында а?атты??а жол берген ?ызметкерлер м?селесі ?ызметтік тергеумен шектелмеуі керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап. Б?л туралы ?Р премьер-министріні? орынбасары - ?Р ауыл шаруашылы?ы министрі Ас?ар Мырзахметов ал?а м?жілісінде ет ?німдеріне берілген жал?ан аны?тамалар?а ?атысты айтты.

Асқар Мырзахметов ветеринария саласында ағаттыққа жол берген қызметкерлер мәселесі қызметтік тергеумен шектелмеуі керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов алқа мәжілісінде ет өнімдеріне берілген жалған анықтамаларға қатысты айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, Астана мен өзге қалаларда ет өнімдерін нарыққа шығарудың санитарлық талаптарын күшейту керек, себебі ол өнімдердің сатылуына жол ашатын жалған анықтамалар берілетін болған. Дегенмен, қазіргі таңда мұндай ағаттыққа жол берген қызметкерлердің жұмысына қызметтік тергеу жүргізіліп, құқық қорғау органдарына анықталған деректер бойынша хат жолданған.

Осыған байланысты Асқар Мырзахметов ветеринария саласында ондай мамандарға орынның жоқтығын, сондай-ақ, қиғаш ісі дәлелденген жағдайда дереу жұмыстан шығару керектігін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Қызметтік тергеу жүргізілуде дейсіздер. Мынау деген қылмыспен пара-пар. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде мәселені қарастыра жатар. Бірақ біз өз деңгейімізде мұндайға жол бермеуіміз керек. Еңбек шартында осындай әрекеттерге жауапкершілік көрсетілуі керек. Ветеринарияда мұндайға орын жоқ. Тез арада жағдайды түзеуді тапсырамын. Іс нәтижесі бойынша маған қосымша баяндаңыздар", - деді Асқар Мырзахметов.

Сондай-ақ, алқа отырысында вице-премьер баршаға мәлім деректерді ортаға сала бермей, өткір мәселелерді талқылауға шақырды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама