19 қазан 2020 15:34

Надыров қызметінен неге кеткенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Қамалжан Надыров неге қызметінен кеткенін түсіндірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Қамалжан Надыров неге қызметінен кеткенін түсіндірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан өз еркімен кеткенін атап өтті. 

"Алматыда жұмыс істеген аз уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Денсаулық сақтау жүйесі пандемия жағдайында жұмыс істеуге толық бейімделді, қаланың медициналық ұйымдары COVID-19 эпидемиясының дамуының түрлі сценарийлеріне дайын. Қалада алдыңғы шепте халыққа медициналық көмек көрсетудің нақты іс-қимылы мен алгоритмі әзірленді. Әр дәрігер қабылданған шаралардың арқасында вирусты жеңуге болатынына сенімді болды. Барлық міндет орындалды. 

Қала бойынша 32 коронавирус стационарында 7200 төсек-орын (оның  ішінде 250 реанимациялық) дайындалды. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек-орындар саны 2 есе артты", - дейді Надыров.

Оның айтуынша, Алматыда коронавирус, ЖРВИ, ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастарға жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі жетілдірілген.

Сондай-ақ, қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасы әзірленген.

"Бұл тәжірибе алдағы жұмыста пайдалы болатыны сөзсіз. Алматы эпидемия басталғаннан бері табандылық, ынтымақтастық танытты. Біз ауру өсімінің жоғары көрсеткішінен қазіргі уақытқа дейінгі жолды бірге жүріп өттік. Біз шілде айында қиындықты еңсердік", - дейді бұрынғы басшы.

Алматы қаласы бас дәрігері міндетін атқарушы тағайындалды

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров өз еркімен қызметінен кеткені хабарлаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети