07 тамыз 2020 | 17:48

Надыров төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қандай кемшіліктерге жол берілгенін айтты

Сурет: Алихан Сариев

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров маусым және шілде айларында қалада аурудың өршуіне әкеп соқтырған болуы мүмкін қателіктерге талдау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров маусым және шілде айларында қалада аурудың өршуіне әкеп соқтырған болуы мүмкін қателіктерге талдау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысынан Қазақстандағы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін ведомство жіберген қателіктерді атауын өтінді.

Реклама
Реклама

"Біз жағдайға талдау жасадық. Айта кету керек бірінші нәрсе: аурудың өршуі мен шектеулерді жою, атап айтқанда аймақтар арасындағы блокбекеттерді алып тастау арасында тікелей байланыс бар.

Мамырда блокбекеттер ашылғаннан кейін 14 күн өткен соң вирус жұқтырғандардың көбейгенін атап өттік. Денсаулық сақтау жүйесі қандай болса да, мұндай жағдайда ол ауруды 100 пайызға жеңе алмайды", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, Надыров халықтың да карантин ережелерін бұзғанын атап өтті.

"7 мың төсек те өте тез уақытта толуы мүмкін екенін түсінуіміз керек. Осындайда медицина сапасы тез төмендейді. Қорытынды жалғыз-ақ: біз денсаулық сақтау жүйесіне штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек. Мұнда айтқым келгені, клиника ауыр жағдайдағы науқастармен толмауы тиіс", - деп түйіндеді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram