ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2026 16:25
Нағыз ыстық енді басталады: Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын не күтіп тұр?
"Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 17, 18 және 19 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
17 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундтына 3-8, күндіз - 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +32...+34 градус жылы болады.
18 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +33...+35 градус ыстық болады.
19 шілдеде күн райы құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундтына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус аптап ыстық болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
17 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.
18 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.
19 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
17 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +45...+47 градус өте қатты ыстық болады.
18 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +46...+48 градус өте қатты ыстық болады.
19 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +46...+48 градус өте қатты ыстық болады.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстандағы ерекше ыстықтың себебін және бұған антициклон мен климаттың өзгеруі қалай әсер еткенін түсіндірген болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу