23 шілде 2021 | 17:00

Нақты жағдай Үкімет болжамдарына сәйкес келмейді - ҚХП ет бағасы туралы

Фото: pexels.com

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ет бағасына қатысты Үкімет берген уәделердің орындалуын бақылауға алмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ет бағасына қатысты Үкімет берген уәделердің орындалуын бақылауға алмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Партия өкілдері Қазақстанның түрлі қаласы бойынша ет бағасының картасын жариялады.

"Үкімет отырысында сөз сөйлеген министрлер мен әкімдер Қазақстандағы қуаңшылыққа, жем-шөп тапшылығына және малдың қырылуына қарамастан ет қымбаттамайды деп бірнеше рет уәде берді. Баға өсуін тежейтін түрлі шара ұсынылды - бағаны реттеу, отандық мал шаруашылығын қолдау, етті шетелге экспорттауға тыйым салу және тағы басқалар. Алайда осыған қарамастан, республиканың дүкендері мен базарларындағы нақты жағдай Үкіметтің оптимистік болжамдарына сәйкес келмейді. Қазақстандықтар тұтыну бағасы өскенін, оның ішінде ет өнімдері қымбатшылығын көріп отыр", - деп мәлімдеді ҚХП өкілдері.

Реклама
Реклама

Қазақстан Халық партиясы шенеуніктер уәдесін қалай орындайтынын бақылауға ниетті. Партия сарапшылары сиыр еті, қой еті мен жылқы етінің бағасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Мұндай талдау енді ай сайын жүргізіледі.

ҚХП өкілдерінің айтуынша, арнайы карта Үкімет қабылдайтын шаралардың нәтижелігін және ол ұсынатын экономикалық саясаттың тиімділігін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

"Үкімет берген уәдесі мен әрекеті үшін жауап беруі керек", - деді партия өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная