ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2021 | 17:27
Нан бағасы күрт өспейді - Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігі ұнның қымбаттауын ескере отырып, Қазақстандағы нан бағасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауыл шаруашылығы министрлігі ұнның қымбаттауын ескере отырып, Қазақстандағы нан бағасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде ғана емес, әлемдік нарықта бидай бағасы өсті. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан әлеуметтік нан деп аталатын өнімге жататынын өткен жөн. Нан бағаны реттеуге жататын тауарлар тізімінде. Егер салыстырмалы түрде қарасақ нан бағасының күрт өсуін байқамаймыз. Аймақтарда әлеуметтік нан бағасы тұрақты", - дейді Азат Сұлтанов, өндіріс департаментінің директоры.
Оның айтуынша, ұн мен бидайға деген сұраныс байқалмайды, екеуі да нарықта жеткілікті мөлшерде.
"Егін жинау аяқталды, астық жеткілікті деңгейде. Астық ұнға өңделіп, жеткілікті мөлшерде наубайхана кәсіпорындарына жеткізіледі", - деп қосты ол.
Сұлтанов нан бағасы өсе бастайтын жағдайдағы алгоритмді айтты.
"Егер бидай мен ұн бағасы өссе, нан бағасына қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Мұнда заңда көзделген шаралар шеңберінде бағаларды реттеу және оларды тұрақтандыру тетіктері, оның ішінде кейіннен нан пісіру кәсіпорындарына беру үшін азық-түлік корпорациясы резервінен астық көлемінің бір бөлігін ұн тарту кәсіпорындарына жөнелту жолымен енгізілетін болады. Яғни, нан өндіру үшін шикізат бағасы көтерілген жағдайда Үкімет тарапынан шаралар қолданады және әлеуметтік нан бағасы күрт өспейді", - деп сендірді Азат Сұлтанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также