17 сәуір 2019 | 09:16

Нанның қымбаттауына жол берген өскемендік шенеуніктер жауапқа тартылды

Нанның қымбаттауына жол берген өскемендік шенеуніктер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нанның қымбаттауына жол берген өскемендік шенеуніктер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасындағы мәліметке сүйенсек, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшысы мен қала әкімнің орынбасарына сөгіс берілген. Шенеуніктер баға қымбаттаған кезде бірден шара қолданбаған.

Реклама
Реклама

Телеарнадағылардың мәліметінше, Өскеменде бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан 10 пайызға қымбаттап, 90 теңгеге жетті. Наубайхана өкілдері мұны жанармай мен астық бағасының қымбаттағанымен байланыстырады.

Қазір қала әкімдігінде жұмыс тобы құрылған. Қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаштың айтуынша, жұмыс тобы үш наубайхана мен әлеуметтік дүкендерде нанды 65 теңгеден сату туралы келісімге келген.

"Қазір қаладағы 22 сауда нүктесі нан-бөлке өнімдерін 65 теңгеден сатады. Бұл баға тұрмысы төмен жандарға арналған. Сонымен қатар, тағы бір нан зауыты өз өнімі сатылатын дүкендерде бағаны өсірмеуге келісті", - дейді қалалық мәслихаттың хатшысы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная