Нәрестелерге қатысты заңсыздық: Алматы әуежайында Қытай азаматтары ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Алматы әуежайында Қазақстаннан балаларды әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке дереккөз хабарлады.

Алматы әуежайында Қазақстаннан балаларды әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке дереккөз хабарлады.

Не болған?

Дереккөздің мәліметінше, 11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп Қазақстанда суррогат аналар босанған нәрестелерімен ұсталған. Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған, алайда, дереккөздің айтуынша, оларды Қазақстаннан шығармаған.

Реклама
Реклама

Алматы полициясы пікірі

Редакцияның ресми сұрауына жауап берген Алматы Полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады.

"Аталған факт бойынша Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі — "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама