15 желтоқсан 2021 | 12:55

"Нәтиже бермеді". Алматылықтар Абай даңғылының ұзаруы туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы тұрғындары Абай даңғылының батыс бағытта ұзаруын "тиісті нәтиже бермейтін жоғары бюджеттік жоба" деп пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары Абай даңғылының батыс бағытта ұзаруын "тиісті нәтиже бермейтін жоғары бюджеттік жоба" деп пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 14 желтоқсанда даңғылдың бір бөлігі ашылды. Қала тұрғындарының айтуынша, келесі күні таңертең қала сырты мен қала маңындағы елді мекендерден келетін жүргізушілер қуана пайдаланған.

"Кеше түнде Абай даңғылы "Алтын Ордадан" ашылды. Таңғы сағат 6-дан бастап бүкіл қалаға жақын Ақжар, Қалқаман, Райымбек секілді елді мекен тұрғындары мегаполиске Абай көшесі арқылы кірді. Осылайша, таңғы 7.30-да Момышұлынан бастап Саин көшесіне дейін кептеліс пайда болды", - деді Facebook қолданушысы Айбар Олжаев.

Реклама
Реклама

Фото: Facebook/Айбар Олжаев

Оның айтуынша, мұндай кептеліске Абай-Саин қиылысындағы бағдаршам себеп болған. Себебі шығыс бағытта жасыл шам бар болғаны 20 секунд жанып тұрғаны айтылды.

"Абай Момышұлымен аяқталатын кезде бұндай кептеліс болмаған. Қазір Абай даңғылын ұзартуға кеткен жоғары бюджеттік жоба тиісті нәтиже бермеді. Бағдаршамның жасыл сигналының уақытын шығыс бағытта Абай-Саин көшесіне кем дегенде 45 секундқа дейін арттыру қажет. Әйтпесе, Абайды тесуден ешқандай нәтиже болмайды", - деді ол.

Айта кету керек, бұл кептеліс таңғы 10-ға дейін жалғасты. Абай-Саин көшесінен өткеннен кейін де көлік кептелісі байқалды.

Абайдан Саин қиылысына дейін

Абайдан Саин қиылысына дейін

Абайдан Саин қиылысынан 50-70 метр қашықтықта орналасқан жаяу жүргіншілер бағдаршамы

Алайда, бірінші жаяу жүргіншілер бағдаршамынан кейін кептеліс байқалмады. Айта кетейік, реттелетін өткел Абай-Саин қиылысынан 50-70 метр қашықтықта орналасқан.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамынан кейінгі Абайдағы жағдай. Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Полицейлердің айтуынша, қазір мамандар Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысындағы жағдайды сараптап жатыр.

"Батыс бағытында Момышұлынан Абай бойында көлік қозғалысының ашылуына байланысты бағдаршам қызметінің мамандары көлік ағынының қарқындылығын жинап, көлік қозғалысын бақылап жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін Абай даңғылындағы бағдаршамның режимдері бекітілді. Саин мен Абай-Момышұлы түзетіледі", - деді Алматы қаласы ДПД Әкімшілік полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық ұтқырлық басқармасы 22 желтоқсанда бағдаршамда оңтайлы режимді орнату жоспарланып отырғанын айтты.

"Бүгінгі таңда техникалық қызмет бұл қиылысты тәуліктің әртүрлі уақытында тексеріп жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін схеманың өзгеруін ескере отырып, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін ең оңтайлы режим белгіленеді. Аяқтаудың жоспарланған мерзімі биылғы жылдың 22 желтоқсаны", - деді департаментте.

Абай даңғылындағы алғашқы автокөлік жүргізушілерін мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жеке қарсы алды. Ол Тәуелсіздік күні қарсаңында толассыз қозғалыс басталған учаскені қарап шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная