21 шілде 2020 | 17:28

Нәтижесін күтіп отырмыз - министр коронавирусқа қарсы вакцина туралы

© elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы шетелдік вакцинаны әкелу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы шетелдік вакцинаны әкелу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан түрлі елдегі әртүрлі вакцинаны зерттеп жатыр. Олар клиникалық сынақтың түрлі деңгейінде. Ресейлік вакцинаны білеміз, әріптестерімізбен серіктестік орнатқанбыз. Олардың келу мерзімі вакцина клиникалық сынақтан өтіп, жаппай қолдануға берілуге ресми растама алуына байланысты. Осындай мәліметтер түскеннен кейін оны қарастыратын боламыз", - деді Цой ОКҚ брифингінде.  

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Қазақстан вакцинаның нақты нәтижесін күтіп отыр. 

"Біз ресейлік әріптестерімізбен Қазақстанға вакцина басым тәртіппен келуін келістік. Сынақтан өтіп жатқан басқа да вакцина өндірушілерімен келістік. Оның ішінде, БАӘ-мен бірлесіп клиникалық сынақтан өтіп жатқан қытайлық вакцина да бар. Дүние жүзіндегі басқа да вакциналар сынақтың соңғы кезеңінде. Біз барлық елмен байланыстамыз. Бізді және дүние жүзіне хабар беретін нақты мерзім мен нәтижесін күтіп отырмыз. Содан кейін қандай вакцинаны алатынымыз шешіледі", - дейді министр.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram