06 тамыз 2020 14:00

Науқастардың 85 пайызы назардан тыс қалған - профессор Қазақстандағы коронавирус туралы

© elements.envato

COVID-19 жұқтырған науқастардың 85 пайызы дәрігерлердің назарынан тыс қалған болуы мүмкін. Бұл туралы онлайн-брифнгте Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның айтуынша, науқастардың 60-70 пайызында ауру белгісі жоқ, сондықтан олар тасымалдаушы болуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

"Бүгінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі тиімсіз. Аурудың анықталуы мен адамдардың жүгінуі бар болғаны 14 пайыз, сәйкесінше, шамамен 85 пайыз науқас медицина назарынан тыс қалуы мүмкін. 

Кез келген адам симптомсыз болуы мүмкін, оны тек талдау арқылы анықтауға болады.

Бірақ егер адамдар үнемі медициналық тексерістен өтсе мұндай жағдай болмас еді. Созылмалы аурулары бар адамдардың иммундық жүйесі дұрыс істемейді. Сөйтіп олар осы инфекцияның симптомсыз тасымалдаушылары болады", - дейді профессор. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram