22 қыркүйек 2023 12:54

Науқастың дәрігерлермен төбелесі: Шымкентте резонанс тудырған видео кейіпкері ұсталды

видео кадры

Шымкенттегі ауруханада түсірілген атышулы видеоның қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі ауруханада түсірілген атышулы видеоның қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицейлер қалалық ауруханалардың бірінің палатасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Жанжал науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында болған. Бір күн бұрын желіде оқиғаның видеосы пайда болып, аурухана медбикесі мен дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланды.

"20 қыркүйекте Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ПД "102" пультіне қалалық емдеу мекемелерінің бірінің қызметкерлерінен қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер мекемеге жедел жәрдем қызметімен келген науқас алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде фельдшерлерге шабуыл жасағанын анықтады. Құқық бұзушы ұсталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заң аясында шаралар қабылданады", - деп атап өтті басылым.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram