ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2019 | 14:32
Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 19-21 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 19-21 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы мейрам күндері кейбір өңірлерде жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.
"Республиканың кейбір өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал түнгі және таңғы уақыттарда көріну қашықтығы 500 метрден төмен болатын тұман сақталады. Тек қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын күтіледі, ал оңтүстікте өткінші жауын мен найзайғай ойнайды. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болады, ал оңтүстік өңірлерде 5...7 градусқа жоғары болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также