Наурыз, Ронни және Нэнси. Ақорда Тоқаевтың асыл тұқымды тазыларын көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Наурыз, Ронни және Нэнси. Ақорда Тоқаевтың асыл тұқымды тазыларын көрсетті видео кадры

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі былтыр Астанада Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді иттің суреті мен видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі былтыр Астанада Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді иттің суреті мен видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің 3 тазысы бар екені айталды. Оның бірі – Наурыз.

Сурет: Ақорда

Реклама
Реклама

Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толған.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің фотографы Наурыздың серуен кезіндегі видеосын көрсетті.

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

"Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама