02 наурыз 2021 | 13:46

Наурызда алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының видеосы жарияланды

Видеодан алынған кадр

Алматыда биылғы оқу жылында алғаш рет бірінші сынып оқушылары мектепке барды. Қаладағы гимназиялардың бірінде мектеп түлектері оқушыларды ерекше күтіп алған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда биылғы оқу жылында алғаш рет бірінші сынып оқушылары мектепке барды. Қаладағы гимназиялардың бірінде мектеп түлектері оқушыларды ерекше күтіп алған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы №105 гимназияның Instagram-парақшасында мектеп бітіруші түлектер бірінші сынып оқушыларын қарсы алғаны түсірілген жантебірентер видео пайда болды. Жоғары сынып оқушылары кіреберіске жиналып, мектепке алғаш рет кірген балаларды қол шапалақтап қарсы алды.

Реклама
Реклама

№ 105 гимназия директоры Әлия Сандықбаева бұл рәсім мектептің дәстүрлі шарасы екенін айтты.

"1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары мектепті де, мұғалімді де, сыныптастарын да көрмеді. Біз оларды салтанатты түрде қарсы алдық. Карантин шаралары жеңілдегендіктен, ауданда бірінші болып осындай кездесу ұйымдастырдық. Бүгін мектеп іші жанданды. Бұл бәрімізге үлкен мереке болды. Өйткені балалар үшін жаңа кезең басталды", - деп бөлісті Әлия Сандықбаева.

Директордың айтуынша, мектепте маска режимі қатаң сақталады. Жалпы гимназия аралас оқыту форматында жұмыс істейді, яғни кейбір пәндер әлі де онлайн өтеді.

Бұған дейін эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты қазақстандық мектептерде оқытудың аралас оқыту форматы енгізілгені хабарланған еді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная