12 сәуір 2022 | 08:56

Наурызда қанша ресейлік қазақстандық ЖСН алғаны анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Қазақстанда 2022 жылғы наурызда жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктердің саны 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 14 есе артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2022 жылғы наурызда жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктердің саны 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 14 есе артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі өкілі былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алғанын айтты. Ал 2022 жылдың алғашқы үш айында ЖСН 12 840 ресейлікке берілген.

Қазақстанда тіркелген ресейліктер саны 2022 жылғы наурызда өскен. Бір ай ішінде 10 995 Ресей азаматы ЖСН алған. Ал 2021 жылғы наурызда 783 адам алған, салыстырмалы түрде өсім 14 еседен асады.

Реклама
Реклама

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Украина азаматтарына қатысты шама айтарлықтай көп емес. 2021 жылы Қазақстанда 1087 украиналық ЖСН алған. Айына 70-тен 128 адамға дейін тіркелген. Биыл бұл көрсеткіш аздап қана өскен. Қаңтарда 42 украиналық ЖСН алған, ақпанда - 80, ал наурызда - 198 адам. 

Қазақстандықтар жеке сәйкестендіру нөмірлерін туған кезде бірден алады. ЖСН Қазақстанда 2007 жылы енгізілгендіктен, бүгінде барлық азаматтың жеке куәліктері мен туу туралы куәліктерінде бұл нөмір бар.

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН қажет:

  • банкте шот ашу қажет болса;
  • шетел азаматы Қазақстанда орналасқан көздерден табыс алатын болса;
  • салық салынатын мүлікті сатып алу кезінде, мысалы, автокөлік;
  • Қазақстан резиденті - заңды тұлғаның басшысы немесе резидент емес - заңды тұлға филиалының басшысы болып тағайындалған кезде.

Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін Қазақстанда болу міндетті емес. Оны сенімхат бойынша жасауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная