06 наурыз 2023 14:51

Наурыздағы мереке күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ХҚКО мен арнайы ХҚКО наурызда мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ХҚКО мен арнайы ХҚКО наурызда мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін тойлауға байланысты Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 8, 21, 22 және 23 наурызда жұмыс істемейді.

Осы аптада, яғни 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО және арнайы ХҚКО әдеттегідей жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

11 наурызда, сенбі кезекші ХҚКО сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қарапайым халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар – жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбіде – 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгергенін еске салды. Елордада жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін Иманов көшесі, 20, Сәтбаев көшесі, 25 мекенжайлар бойынша қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram