14 қараша 2022 | 09:07

Наурыздан бері Ресейден қанша этникалық қазақ келді?

Дина Шарипханова Корреспондент

Ішкі істер министрлігі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға өтініш берген этникалық қазақтар санын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға өтініш берген этникалық қазақтар санын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыздан 1 қарашаға дейін тұрақты тұруға ықтиярхат 3999 этникалық қазаққа берілген. Олардың көбі Өзбекстаннан көшіп келген - 2267 адам. Екінші орында Ресей тұр, Ресейден 773 адам келген. Одан кейін - Моңғолия (328), ҚХР (297), Түрікменстан (172), Қырғызстан (39).

Ірі қалаларға, соның ішінде Шымкентке 785, Түркістан облысына 715, Астанаға 702, Маңғыстауға 608, Алматы облысына 526, Алматыға 326 адам қоныстанған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ІІМ мәліметі бойынша, мобилизация басталғаннан бері Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келген.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Сондықтан ресейліктер басқа елдерге көшкен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная