Наурыздың алғашқы күндері қар жауып, аяз болады

Наурыздың алғашқы күндері қар жауып, аяз болады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанып отыр.

Реклама
Реклама

Ауа температурасы:

  • Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде -8...-23°C;
  • Шығыс, орталықта түнде -10...-26°C;
  • Оңтүстікте түнде -2...-15°C;
  • Оңтүстік-шығыста түнде -3...-10°C, таулы аймақтарда -12...-20°C.

Бұл күндері ауа райы құбылмалы болатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама