21 наурыз 2022 | 15:04

Наурызға арналған дастарханға қандай ұлттық десерттер қоюға болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: kazakhstan.travel

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне жайылған дастарханға әдетте наурыз көже, бауырсақ, құрт, ірімшік, тары, жент секілді ұлттық тағамдар қойылатыны белгілі. Осы орайда 7 жылдық тәжірибесі бар бас кондитер Жанна Бақтыбаева Tengrinews.kz тілшісіне Наурызда қонақтарға ұсынуға болатын дәмі тіл үйіретін ұлттық десерттер туралы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне жайылған дастарханға әдетте наурыз көже, бауырсақ, құрт, ірімшік, тары, жент секілді ұлттық тағамдар қойылатыны белгілі. Осы орайда 7 жылдық тәжірибесі бар бас кондитер Жанна Бақтыбаева Tengrinews.kz тілшісіне Наурызда қонақтарға ұсынуға болатын дәмі тіл үйіретін ұлттық десерттер туралы айтып берді.

Ұлттық "чизкейк" тәттісі қалай жасалады?

Наурыз мерекесінде дастарханға ірімшік, жент секілді тәттілер қойылады. Маманның сөзіне, осы тағамдарды пайдаланып, түрлі десерт дайындауға болады.

Реклама
Реклама

"Соның бірі - "чизкейк" тәттісі. Ұлттық "чизкейкке" жент пен тары қосылады. Дайындалу әдісіне тоқталсақ, талқан, ұн, қант, сары майды араластырып, жұқа етіп пісіріп аламыз. Бөлек ыдыста ірімшік, қант, кілегейді біркелкі етіп араластырып, бал қосып, кейін қайнатылған тары қосамыз. Осылайша дайын бөлікке қоспасын құйып, пеште 1 сағат пісіреміз. Толық суыған соң дастарханға қоюға болады", - деді аспаз.

Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Аспаз дәмі ерекше бауырсақтың жасалу жолын айтып берді. Сонымен қатар, дастарханға нан себетін де қоюға болады. Ал оның құрамына бауырсақ, қатырма, қаттама нандар кіреді.

"Менің ойымша, ерекше бауырсақ - талқан қосылған бауырсақ. Cүтке ашытқы қосып, жұмсақ етіп қамыр илеп аламыз. Кейін бір рет көтерілген қамырга талқан қосып, бастырып қоямыз. Көтерілген қамырды жайып кәдімгі бауырсақ секілді пісіріп, ыстық күйінде дастарханға ұсынамыз", - деді ол.

Жент пен "төңкерме" тәттісі

Дастарханға қойылатын тәттілер қатарында жент пен "төңкерме" тәттісі бар. Жент пен төңкерменің құрамындағы ең басты нәрсе - қолдың таза сары майы.

"Женттің жасалуы өте оңай: талқанға қант пен сары май қосады. Ал қуырылған ұнға сары май мен шекер қосып, "төңкерме" тәттісі жасалады", - деді Жанна.

Сурет: kazakhstan.travel

"Әлем" авторлық ұлттық десерті

Жанна ұлттық тағамдардан дайындалатын авторлық десерті бар екенін де атап өтті. Оның атауы - "Әлем".

"Қазір ұлттық тәттілеріміз ұмтылып бара жатыр. Сондықтан аспаздар ұлттық тағамдардан түрлі десерт дайындап жүр. Менің авторлық "Әлем" атты десертіме жент пен қуырылған тары қосылады", - деді ол.

Жанна Бақтыбаева

6 адамға арналған "Әлем" авторлық ұлттық десертінің жасалу жолы:

  1. Браунидың құрамы: сары май 0.05 грамм, ащы шоколад 0.04 грамм, жұмыртқа 0.045 грамм (1 жұмыртқа), бидай ұны 0.03 грамм, тары 0.01 грамм, сүт 0.03 миллилитр. Алдымен шоколад пен сары майды еріту қажет. 37 градусқа дейін суытып, жұмыртқаны қантпен араластырады. Екі массаны араластырып, ұнды және алдын ала сүтке салынған тарыны қосу керек. Пешке 8-10 минут аралығына 180 градусқа салып, шығарған соң суытады.
  2. Жент қосылған карамель құрамы: қант 0.09 грамм, су 0.015 миллилитр, кілегей 0.09 грамм, жент 0.04 грамм. Су қосылған қантты қызартып, кілегейді 60 градусқа, карамелді 106 градусқа дейін жеткізу керек. Кейін дайын массаны 50 градусқа дейін суытып, жент қосады. Осылайша, карамель дайын болады.
  3. Тары қосылған мусс құрамы: сүт 0.14 миллилитр, тары 0.03 грамм, ақ шоколад 0.07 грамм, желатин 0.008 грамм, кілегей 0.3 миллилитр. Су қосылған тарыны қайнағанша отта ұстау қажет. 50 градус болған кезде ақ шоколад пен суға салынған желатин қосылады. Кейін 36 градусқа дейін суытып, көпіршітілген кілегей қосады. Дайын муссты 1 сағатқа тоңызатқышқа салады. Одан кейін муссты аздап көпіршітіп, арнайы қапқа салу керек.
  4. Шоколадтан жасалған велюр құрамы: сүт шоколады 0.15 миллилитр, какао майы 0.075 грамм. Су құйылған ыдыста шоколад пен какао майын ерітеді. Содан соң массаны 35 градусқа дейін суытады, осылайша, велюр дайын болады.
  5. Соңғы кезең. Арнайы ыдыстардың үштен екісіне мусс құю керек. Кейін үстіне кішкентай етіп кесілген брауни салынады. Муссты теңестіреді. Келесі ыдыстың үштен екі бөлігін мусспен толтырып, ортасын тесіп, карамель салады. Содан соң ыдысты 10 градусқа дейін қатыру керек. Қос бөлікті біріктірген кезде велюрмен жабады. Ең аяғында күрішпен бетін әрлеу қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная