Наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады

Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанда наурыз айында 13 демалыс және мейрам күні бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Атап айтқанда, Әйелдердің халықаралық күні - 8 Наурыз жексенбіге келіп тұр. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егер мемлекеттік мейрам демалыс күндеріне - сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. Сондықтан демалыс күндеріне тағы бір күн, яғни дүйсенбі - 9 наурыз қосылады.

Наурыз мейрамында отандастарымыз бес күн демалады: наурыздың 21-інен 25-іне дейін. Қазақстандықтардың сүйікті мейрамының бірінші күндері - 21 және 22 наурыз да демалыс күндеріне сәйкес келіп тұр, 23 наурыз да (дүйсенбі) ресми мейрам күні болып есептеледі, сондықтан демалыс күндері 24 (сейсенбі) және 25 наурызға (сәрсенбі) ауыстырылады. 

Реклама
Реклама

Нәтижесінде Қазақстанда 2015 жылы наурыз айында мейрам күндерін қоса есептегенде 13 демалыс күні болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама