14 маусым 2020 | 18:16

Найзағай, дауыл және аптап. 6 өңірде ескерту жарияланды

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 15 маусымда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады.

Реклама
Реклама

Қостанай облысында күн күркіреп, секундына 18 метрге дейін жел соғады.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градусқа дейін ыстық болады. Қызылордада 15 маусымда шаңды дауыл мен жел екпіні секундына 19 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысында синоптиктердің болжамынша, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл мен жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 42 градус ыстық болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная