ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2023 | 09:09
Найзағай, жаңбыр, жел: 5 сәуірде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байлаңысты жаңбыр жауады, таулы аумақтарында - қатты жаңбыр, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.
Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетсіу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.
Ал Алматы қаласында бүгін жауын-шашынсыз күн ашық болады, термометр бағаны күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
Астанада да сәрсенбіде жауын-шашын күтілмейді, дегенмен көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз +16...+18 градус аралығында жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Синоптиктер бүгін Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертеді. Сондай-ақ ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Бұдан бөлек мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также