ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2021 | 16:23
Найзағай және аптап. 19 тамызда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, шығыс пен оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-шығыста және орталықта түнде және таңертең тұман, оңтүстікте құмды дауыл күтіледі", - деді синоптиктер.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр жел соғады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, жел секундына 18 метрге дейін күшейеді, түнде батыс, оңтүстік-батысқа қарай тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі, түнде таулы аудандарда тұман түседі.
Қарағанды облысында күндіз солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында құмды дауыл, өңірдің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында секундына 15-20 метр жел күшейеді, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Қызылорда облысында күндіз оңтүстікте, оңтүстік-шығыста секундына 15-20 метр жел соғады.
Түркістан облысының таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнауы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында және Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облысының батысында, Алматы облысының шығысы мен батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт шығу қаупі бар.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также