Найзағай және бұршақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады және бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп болжанған.

"Республиканың барлық аймағында температура фоны салыстырмалы түрде тұрақты, батыста түнде 17...22, күндіз 32...39 градус жылы, солтүстікте түнде 13...18, күндіз 30...35 градус жылы, республиканың орталығы мен шығысында түнде 11...17, күндіз 27...33 градус жылы, оңтүстікте түнде 15...22, күндіз 32...39 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама