ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2024 | 17:12
Найзағай және жаңбыр: Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
20 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 градус жылы.
21 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.
22 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
20 маусымда қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы.
21 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.
22 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также