16 маусым 2019 | 10:36

Найзағай және қатты жел. 16 маусымда ауа райы қандай болады

© pixabay.com

Синоптиктер 16 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 16 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Метеоқызметтің мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы Қазақстанның басым бөлігінде сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман түседі.

Реклама
Реклама

"Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жел күшейеді, күн күркірейді, Қостанай облысында бұршақ болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күшеюі, күндіз секундына 18 метр екпіні болады. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан, Қызылорда облыстарында күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Түркістан облысында түнде таулы аудандарда күн күркірейді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная