ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2023 | 08:57
Найзағай және тұман: 20 шілдеге арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы
Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 32-34 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр. 20 шілдеде облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Петропавлда 20 шілдеде күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. 20 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанайда 20 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы ауданында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 20 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 20 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі.
20 шілдеде түнде шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында, 21 шілдеде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 20-22 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр күтіледі. 21-22 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 20-22 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 22 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 20-22 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр. 20-21 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте 20-21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда 20-21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 20-22 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. 20 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 20 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі. 20 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. 20 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 20 шілдеде таңертен және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні секундына 25 метр. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейда 20 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15 метр. 20 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні секундына 25 метр. 20 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде 20 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15 метр. 20 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также