Найзағай, жел және бұршақ: ауа райы болжамы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігіне циклон әсер етеді. Соның әсерінен жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ күтіледі.

6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Жалпы ел аумағында жел күшейеді.

Реклама
Реклама

Қазақстанның оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық, ауа температурасы +38 - +45 градус болады деп болжанды. Ал еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама