14 қыркүйек 2023 | 09:08

Найзағай, қар: 14 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Казгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Казгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде найзағай соғып, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Республика бойынша екпінді жел, тұман, бұршақ күтіледі.

"Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде - жоғары өрт қаупі сақталады. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары", - деп хабарлады Қазгидромет.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынға байланысты судың ауытқуы байқалуы мүмкін.

Астана

14 қыркүйекте елордада көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы +13...+15 градус жылы.

Алматы

Көшпелі бұлт, кешке жаңбыр жауады. Жел батыстан 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Күндіз ауа температурасы +22...+24 градус жылы.

Шымкент

14 қыркүйекте жауын-шашынсыз көшпелі бұлт күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Күндіз ауа температурасы +25...+27 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная