Назарбаев 1 желтоқсан күні Астанада әскери-тарихи мұражайды ашады

© Тұрар Қазанғапов

Елбасы 1 желтоқсан күні Астанада Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

30 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама