Назарбаев 97 пайыздан астам дауыс жинады - exit poll

Назарбаев 97 пайыздан астам дауыс жинады - exit poll

Қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті сайлауында, exit poll мәліметінше, 97,5 пайыз дауыс жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Демократия институты" ғылыми-зерттеу жобалар жөніндегі ассоциациясының директоры Юлий Кучинская барлық өңірде жалпыұлттық exit poll өткізілгенін хабарлады. Барлық 14 облыс қамтылды.

"Exit poll таңғы жетіден кешкі сегізге дейін 550 учаскеде өткізілді, оның ішіндегі қаладағылары 312 және 238 ауылдағылары. Үміткерлер үшін нәтиже келесідей болды: Нұрсұлтан Назарбаев - 97,5 пайыз, Әбілғазы Құсайынов - 0,63 пайыз, Тұрғын Сыздықов - 1,87 пайыз", - деді Кучинская ОСК баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Зерттеудің тапсырыс берушісі Қазақстанның азаматтық альянсы.

26 сәуірде 21.00-де Қазақстан бойынша президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды. Дауыстарды есептеу басталды. Қазақстандықтардың 95,11 пайызы сайлауға қатысты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама