21 қазан 2016 14:42

Назарбаев Әбу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әңгімелесу барысында саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың берік достық байланысының кепілі екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің мейлінше өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram