28 сәуір 2021 16:30

Назарбаев адамдардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын қолдауға шақырды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың қазақ тілін үйренуге деген ықыласын қолдауға және көтермелеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың қазақ тілін үйренуге деген ықыласын қолдауға және көтермелеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік тілдің рөлі және оның дамуы туралы. Бүгінде қазақ этносының үлесі 70 пайыздан асады. Бұл бүкіл әлемде табиғи процесс. Сондықтан қазақ тілін түсіну мен үйрену ниетін біз барлық жерде қолдап, көтермелеуге тиіспіз", - деді Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында.

Елбасы бұған Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқара алатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Мен бұл осылай жүріп жатқанын да білемін. ҚХА-дан қаншама жас өмірге жолдама алды, қараңызшы. Бүгінде бұл адамдар жауапты лауазымдарда жұмыс істейді, екі тілде жұмыс істейді. Олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіріп, қазақтардың осы жігіттерді қалай жан-тәнімен жақсы көретінін көресіз", - деді Елбасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram