ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 мамыр 2017 18:36
Назарбаев ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін көрсетті
А?орда Елбасыны? Назарбаев университетіні? президенті Шигео Катсумен а?ылшын тілінде с?йлескені т?сірілген видеоны жариялады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақорда Елбасының Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсумен ағылшын тілінде сөйлескені түсірілген видеоны жариялады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми кездесудің видеоүзіндісінде Мемлекет басшысының Шигео Катсудан ағылшын тілінде істері қалай болып жатқанын сұрады. Университет президенті де ағылшынша жауап қатты. Нұрсұлтан Назарбаев осыдан кейін іске көшіп, ағылшын тілінде "Please, your report" деп, баяндамасын сұрады.
Елбасыға "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгені мәлімделді.
Шигео Катсудың айтуынша, университетте қазіргі кезде мықты зерттеу институты бар, бұл ұлттық деңгейде тұрақты әріптестікті қалыптастыру үшін технологияларды дамытуға, білімді жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Биыл "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің үшінші түлектері оқуды тәмамдайды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу