05 шілде 2018 12:52

Назарбаев АХҚО-ны салтанатты түрде ашты

Қазақстан елордасында "Астана" халықаралық қаржы орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан елордасында "Астана" халықаралық қаржы орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ны гонгты соғып, құттықтау сөзін айтты. 

Реклама
Реклама

"Көп күткен сәт туды. Біздің Халықаралық қаржы орталығымыз енді жұмысын бастап кетті. Орталыққа келіп отырған әрқайсыңызға алғысымды айтамын. Ертең елордамыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Еліміз 27-де, бұл таңғаларлық тарих. Болашақта гүлдену үшін халқымыз маңызды қадам жасады. АХҚО осы мақсатта қызмет етеді деп үміттенемін", - деді Президент.

АХҚО судьясы болып Англия мен Уэльстен тоғыз маман тағайындалды.

"Астана" халықаралық қаржы орталығын құру туралы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамын жария еткен сәтте мәлімдеген еді.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram