ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2018 | 20:42
Назарбаев Ақтөбеде медициналық орталықтарда болды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев DaruZharygy ЖШС офтальмология орталығында және "Аяла" балаларды сауықтыру орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев DaruZharygy ЖШС офтальмология орталығында және "Аяла" балаларды сауықтыру орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жаңа клиниканың емханалық, диагностикалық және стационарлық бөлімшелерін, лазер орталығы мен ота жасау бөлімін аралап көрді, сондай-ақ көзге ота жасауға арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты.
Елбасы өңір тұрғындарына шет елдерге бармай-ақ, еуропалық деңгейдегі жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмек алуға мүмкіндік беретін мұндай нысандарды іске қосудың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласына үнемі көңіл бөліп, тиімді әлеуметтік саясат жүргізіп жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне Астана қаласында салынатын алғашқы медициналық оңалту орталығының макеті таныстырылды.
Елбасы церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар мен стандарттары бар әлеуметтік-психологиялық және медициналық оңалту бағдарламаларымен танысты.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа "Бақытты бала" облыстық жобасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді. Жоба аясында ерекше мұқтаж балалар үшін арнайы коррекциялық балабақша, психологиялық және медициналық-педагогикалық консультация беретін орындар, «Күншуақ» балаларды сауықтыру лагері ашылды. Аудандардағы психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері және Ақтөбе қаласының орта мектептерінде инклюзивті білім беру ісін дамыту жөніндегі ресурсты кабинеттер жасақталып, жұмыс жүргізуде.
Показать комментарии
Читайте также