Назарбаев әлемдегі ең егде премьер-министрге хат жазды

© AkordaPress/Reuters

Н?рс?лтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында "?міт альянсы" коалициясыны? же?іске жетуімен ж?не Малайзия премьер-министрі лауазымына та?айындалуымен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында "Үміт альянсы" коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті Малайзияның премьер-министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады.

"Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған Сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.

Реклама
Реклама

Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, сайлауда жеңіп шыққан Махатхир Мохамад 92 жаста, ол - әлемдегі ең егде премьер-министр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама